Қашағандағы істен шыққан газ құбырын жөндеу болмаса алмастыру жайлы айтуға әлі ерте - С.Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
05.03.2014 09:11
Қашағанда істен шыққан құбырды алмастыру болмаса жөндеу туралы нақты инвестициялық шешім наурыз айының соңында шығады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы   Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Қазір Қашаған бойынша консорциум мен Қазақстан арасында заңдық тұрғыдан ешқандай келіспеушіліктер жоқ. Өйткені, 2008 жылғы келісімшартта жоба коммерциялық деңгейге шықпаған жағдайда 2013 жылдың қазанынан бастап ұлттық компания шығындарды өтемейді деген пункт енгізілген болатын».

«ҚазМұнайГаз» компаниясы басшысының айтуынша, құбырды алмастыруға кететін шығындар сомасы да наурыз айында белгілі болады.

Сондай-ақ жиында белгілі болғандай, 2013 жылы барлау жұмыстарының және келісімшарт аумағындағы қорды қайта бағалаудың нәтижесінде «ҚазМұнайГаз»  ҰҚ» АҚ бойынша көмірсутегі шикізатының қордаланған қор өсімі 11,5 млн. тоннаны құрады.

Өткен жылы ұлттық компания геологиялық-геофизикалық талдау және бір жүйеге келтіру жөніндегі төрт жылдық жұмысын аяқтады. Осы жұмыстардың негізінде геологиялық барлау көлемінің басым бағыттары анықталды. Атап айтсақ, өткен жылдың 1 қазанында ҚР Мұнай және газ министрлігі мен «ҚазМұнайГаз»  ҰҚ» АҚ  арасында Қансу учаскесінде барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісім жасалды.

Сонымен қатар,  «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай,  2013 жылы Жамбыл Теңіз учаскесінде 1 барлау ұңғысы бұрғыланып, Өріктау учаскесінде 600 метрлік тереңдікте бір терең ұңғыны бұрғылау жұмыстары басталды. Алғашқы Жамбыл 1-іздестіру учаскесінде мұнайдың белгісі байқалған. 

АСТАНА. ҚазАқпарат04 Наурыз 2014

Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»Мұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту