Сәуірде Қашаған құбырының теңіз бөлігіндегі 25 нүктесінде зерттеу жүргізіледі

размер шрифта: Aa | Aa
07.04.2014 11:35

Сәуірде Қашаған құбырының теңіз бөлігіндегі 25 нүктесінде зерттеу жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Ұ.Қарабалиннің сөзіне қарағанда, өткен жылдың күзінде ғана мұнай өндіріле бастаған Қашаған кен орнының құбыр инфрақұрылымында біраз проблемалар анықталған. Оларды жою мақсатында екі мыңнан астам дәнекерленген жік тексерілген. Алты мың метрден астам құбырға ультрадыбыстық диагностика жүргізілген. Алынған мәліметтер мамандандырылған шетелдік зертханаларда анықталатын болады.

«Сәуір айында құбырдың теңіз бөлігіндегі 25 нүктесінде зерттеу жүргізіледі. Бұл мұз ерігеннен кейін қолға алынады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, кен орнында мұнай ойдағыдай мөлшерде өндірілетінін өткен жылдың күзі көрсетіп отыр. Ұңғымалар қалыпты жұмыс істеуде және тұтастай алғанда ауқымды кешеннің жұмыс істеп тұрғанына да көз жетті. «Құбырлардағы ақаулар басқа жүйелерге әсер етпеуі тиіс деп ойлаймыз. Кен орнының қиын және қауіпті екенін ескере отырып, асығыстық жасау орынсыз деген пайымдамыз», - деді Ұ.Қарабалин.

Казинформ 

Ключевые слова: КашаганКарабалинмұнайгазkazenergy
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту