Жыл соңына дейін «Бозой-Бейнеу» учаскесінде 311 шақырым құбыр салынады

размер шрифта: Aa | Aa
07.04.2014 14:56

Жыл соңына дейін «Бозой-Бейнеу» учаскесінде қашықтығы 311 шақырым құбыр салынады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Мұнай және газ миинстрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

«Өткен жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бірінші кезеңі - «Бозой-Шымкент» учаскесі іске қосылды. Бүгінгі таңда көлемі жылына 2,5 млрд. текше метрге дейін жобалық қуатына қол жеткізілді. Одан әрі компрессорлық стансалар құрылысын қосқанда газ құбырының қуатын жылына 10 млрд. текше метрге дейін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланған», - деді министр. 

Оның атап өтуінше, аталған жобаны іске асырудың нәтижесінде еліміздің оңтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз етуге және 500-ден аса елді мекенді газдандыруға мүмкіншілік болмақ. 

«Ағымдағы жылдың соңына дейін «Бозой-Бейнеу» учаскесінде қашықтығы 311 құбырды салу аяқталатын болады. Ал 2015 жылы Бозой және Қараөзек атты компрессорлық стансалардың құрылысы аяқталып, жоба өз межесіне жетеді», - деді Ұ.Қарабалин. 

Қазақпарат 

Ключевые слова: ПарламентҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту