Табиғи ресурстардан түсетін пайданың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық стандарт

размер шрифта: Aa | Aa
19.10.2013 00:00

Сейсенбіде, үстіміздегі жылдың 17-қазанында  Абиджан қ., Кот-д’Ивуар Республикасы, Өндіршуі сала қызметтерінің ашықтығы бастамасы (бұдан әрі - ӨСАБ) жөніндегі  Халықаралық Басқарманың Қазақстанның Бастама стандарттарына сәйкестігі туралы мәселе қаралған мәжілісі өтті.  Бастама үстіміздегі жылдың 15 тамызында ұсынылды.

Нәтижесінде, Халықаралық Басқарманың өткен мәжілісінде ӨСАБ енгізу бойынша қабылданған қимылдар және оның  Қазақстан Республикасындағы нәтижелері   жоғары бағаға ие болғаны туралы қорытынды шешім қабылданды және Қазақстан Республикасына «ізбасар ел»  деген мәртебе берілгені  туралы жарияланды.

Қазақстан Республикасы 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен ӨСАБ стандарттарын енгізу бойынша міндеттерді қабылдағанын естеріңізге саламыз.  ӨСАБ стандарттары өндіруші саладағы компаниялар мен үкімет табысының ашық көрсетілуіне бағытталған. ӨСАБ іске асыру  ісі халықаралық, саяси және жемқорлыққа қарсы сипатта жоғары мәртебеге ие.

Ертеректе, 2009 жылы, мұндай  процедура жүргізілген, бірақ Халықаралық Басқарманың бағасы бойынша ол кезде Қазақстан ӨСАБ талаптарына сәйкесетін деңгейге қол жеткізбеген болатын және анықталған кемшіліктерді жоюға жаңа мерзім – 18 ай берілген болатын.  

Сол уақыттан бастап ӨСАБ іске асыру бойынша қызметтер қарқынды түрде жүргізілді. Мүдделі тараптардың Ұлттық Кеңесінің – Қазақстанда ӨСАБ іске асырылуын үйлестіретін органның  құрамы— жаңартылды.  Оған ӨСАБ барлық тараптары кірді, атап айтқанда: үкімет (индустрия және жаңа технологиялар, мұнай және газ, қаржы министрліктерінен, сәйкесінше — вице-министрлер Н.Е.Сауранбаев, Б.У. Ақшолақов  және  Р.Е.Даленов), ҚР мәжілісі (депутаттар А.А.Милютин, А.С.Мұрадов, Е.С.Никитинская, А.С.Соловьева), жер қойнауын пайдаланушы компаниялар (соның ішінде KAZENERGY қауымдастығы және ТМКҚ) және үкіметтік емес ұйымдар.

Үкіметтік емес сектордың өкілдерінің Ұлттық кеңеске белсенді қатысуы үшін диалогтық алаң құру жөнінде бастама көтерілді. 2015 жылға дейінгі іс-шараларды қамтитын ӨСАБ іске асыру жөніндегі жұмыс жоспары жаңартылды. 2013 жылғы 9 қазанда ӨСАБ жөніндегі 5-ші Ұлттық конференция барысында барлық тараптар қол қойған Ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды.  ӨСАБ енгізу  кезеңінде барлығы ӨСАБ бойынша 7 Ұлттық есеп шығарылды.               

Бүгін біздің еліміз  өндіруші саладағы транспаренттіліктің жоғары деңгейі туралы мақтанышпен  айта алады!

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту