СОЛТҮСТІК КАСПИЙ КОНСОРЦИУМЫ ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 42 ЖОБАСЫН ҰСЫНДЫ

размер шрифта: Aa | Aa
29.05.2015 16:23

Атырау, 2015 жылғы 27 мамыр: Бүгін Атырауда Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК) компаниясы Консорциумның демеушілік және қайырымдылық бағдарламасының (ДҚБ) 42 жобасын ұсынды, олардың 28-і 2014 жылы орындалған, ал 14-і ағымдағы 2015 жылы орындалуда. Сонымен бірге НКОК ДҚБ аясында жергілікті білім беру мекемелеріне бірқатар жобаларды табыс ету рәсімін өткізді.

 IMG_1620

Халықаралық балалар қорғау күні қарсаңында НКОК Атырау қаласында жергілікті тұрғындарға аяқталған жобаларды табыс ету рәсімін өткізді. Іс-шаралар Консорциум компьютерлермен және интербелсенді жабдықтармен қамтамасыз еткен Облыстық балалар кітапханасында басталып, Атырау облысының нашар еститін балаларға арналған мектебінде жалғасты. НКОК бұл мектепке балалардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын Монтессори сыныбын жабдықтап, сыйға тартты.

Келесі шара Атырау облысының дзюдо федерациясында өтті. Бұл жерде дзюдо, волейбол және таэквондо федерацияларының өкілдеріне НКОК спорт құралдарын,  сонымен қатар татами және арнайы спорттық форманы сыйға тартты.

Іс-шаралар Атырау қаласындағы Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық академияда жалғасып, оған «НКОК» компаниясының мемлекеттік органдармен қарым-қатынас және сыртқы байланыс жөніндегі менеджері Серік Идранов қатысты: “Бүгінгі біздің тапсырып отырған жобаларымыз облыстың әлеуметтік дамуына, еліміздің болашағы - жас ұрпақты жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге өз үлесін қосса бағдарлама өз мақсатына жеткені деп ойлаймын. Соңғы 16 жыл ішінде, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы әлеуметтік және инфраструктуралық жобаларға 500 миллион АҚШ долларына астам қаржы бөлініп, 159 жоба іске асты”.

Жалпы 2014 жылдың ішінде 28 демеушілік және қайырымдылық жоба тапсырылды. Оның қатарында  Мақат аудандының орталық ауруханасын медициналық жабдықтармен қамту, жергілікті дәрігерлер үшін Ұлыбритания мен Біріккен Араб Әмірліктерінің дәрігерлерінің мастер-класстар мен семинарлар, Доссор кенттік балабақша үшін интерактивті жабдықтар, Атырау облыстық мүгедек қоғамы ушін компьютерлер және басқа да көптеген әлеуметтік жобалар бар.

Консорциумның демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мәдени мұра, спорт салаларына қолдау көрсетуге, сонымен қатар тұрмыс деңгейі нашар отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған. Консорциумның жыл сайын балалар өмірін жақсартуға бағытталған түрлі шаралар өткізіп келе жатқанын да атап өткен жөн.

Іс-шараларға балалармен және олардың ата-аналарымен қатар Атырау облысы және Мақат ауданы әкімдіктерінің өкілдері, бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың және «НКОК» компаниясының басшылары қатысты.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН БАЙЛАНЫСАТЫН ТҰЛҒА:

Айнаш Шеңгелбаева, тел: +7 7122 55 5676

РЕДАКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ:

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы (НКОК) 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісім (ӨБК) мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар шеңберінде Консорциум құрамындағы жеті серіктес компания: ҚазМұнайГаз, Эни, Шелл, ЭксонМобил, Тоталь, ҚҰМК, ИНПЕКС атынан 11 блокта көмірсутегі қорларын барлау және өндіру жұмыстарының Операторы ретінде қызмет атқарады. Солтүстік Каспий бойынша ӨБК шеңберіндегі мердігерлік учаскенің аумағы 5 600 шаршы км құрайды және Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 км қашықтықта орналасқан Қашаған алып мұнай кен орнын қамтиды. Сонымен қатар учаскеде Қаламқас, Оңтүстік-Батыс Қашаған, Ақтоты және Қайраң кен орындары бар.

Қашаған кен орнын Солтүстік Каспийдің қатаң теңіз жағдайларында игерудегі бірегей технологиялық күрделіліктер жабдықтау жүйесіндегі қиындықтармен ұштасып жатыр. Бұл қиындықтар өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, инженерлік-техникалық, логистикалық және экологиялық міндеттерді орындауға байланысты және жобаны сала бойынша әлемдегі ең ірі және ең күрделі жобалардың қатарына қосып отыр.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту