СОЛТҮСТІК КАСПИЙ КОНСОРЦИУМЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

размер шрифта: Aa | Aa
01.06.2015 16:27

Форт-Шевченко, 2015 жылғы 1 маусым: Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (НКОК) компаниясы Консорциумның демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы (ДҚБ) аясында Балаларды қорғау күніне орай Түпқараған ауданының 150 кішкентай тұрғыны үшін сыйлықтарға, сайыстар мен жүлделерге толы мереке ұйымдастырды.

DSC_0155

 Форт-Шевченко қаласындағы мерекелік шараның ашылу салтанатында НКОК компаниясының жұртшылықпен байланыс бөлімінің кеңесшісі Азат Нуржауов сөз алды: «1 маусымда барлық елдерде дерлік Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл күнді балалардың көңілді мерекелерінің бірі ретінде ғана емес, сонымен бірге оларды әрдайым қорғауымыз және қамқорлауымыз керектігі туралы ескерту де санауымыз қажет. Бүгін, халықаралық мереке - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында біз осы салтанатты шарамызды өскелең ұрпағымыз үшін өткізіп жатырмыз. Консорциумның жыл сайын балалар өмірін жақсартуға бағытталған түрлі шаралар өткізіп келе жатқанын да атап өткім келеді. Балалар мерекені сыйлықтармен байланыстыратыны баршамызға белгілі. Бүгін балаларға бәрі ұнайды және қайырымдылық пен мейірімге толы сезіміміз олардың жүректерінен орын алады деп үміттенемін».

Консорциумның қолдауы арқасында бүгін Форт-Шевченко қаласының Орталық алаңында 150 бала үшін аниматорлардың қатысуымен көңілді викторинадан, интербелсенді ойындардан, сайыстардан тұратын тамаша мереке ұйымдастырылып, жеңімпаздарға жүлделер берілді.

Іс-шараларға балалармен және олардың ата-аналарымен қатар Түпқараған ауданы әкімдігі мен «НКОК» компаниясының өкілдері қатысты.

А.Нуржауовтың айтуынша, компания алға қарай да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және әлеуметтік серіктестік бағытын ұстанады. Осылайша, Консорциумның демеушілік және қайырымдылық бағдарламасының әр жобасы адамдарға қуаныш сыйлай бермек.

Консорциумның демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мәдени мұра, спорт салаларына қолдау көрсетуге, сонымен қатар тұрмыс деңгейі нашар отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған. Консорциумның жыл сайын балалар өмірін жақсартуға бағытталған түрлі шаралар өткізіп келе жатқанын да атап өткен жөн. Соңғы 16 жыл ішінде, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы әлеуметтік және инфраструктуралық жобаларға 500 миллион АҚШ долларына астам қаржы бөлініп, 159 жоба іске асты.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН БАЙЛАНЫСАТЫН ТҰЛҒА:

Айнаш Шеңгелбаева, тел: +7 7122 55 5676

РЕДАКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ:

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясы (НКОК) 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісім (ӨБК) мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар шеңберінде Консорциум құрамындағы жеті серіктес компания: ҚазМұнайГаз, Эни, Шелл, ЭксонМобил, Тоталь, ҚҰМК, ИНПЕКС атынан 11 блокта көмірсутегі қорларын барлау және өндіру жұмыстарының Операторы ретінде қызмет атқарады. Солтүстік Каспий бойынша ӨБК шеңберіндегі мердігерлік учаскенің аумағы 5 600 шаршы км құрайды және Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 км қашықтықта орналасқан Қашаған алып мұнай кен орнын қамтиды. Сонымен қатар учаскеде Қаламқас, Оңтүстік-Батыс Қашаған, Ақтоты және Қайраң кен орындары бар.

Қашаған кен орнын Солтүстік Каспийдің қатаң теңіз жағдайларында игерудегі бірегей технологиялық күрделіліктер жабдықтау жүйесіндегі қиындықтармен ұштасып жатыр. Бұл қиындықтар өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, инженерлік-техникалық, логистикалық және экологиялық міндеттерді орындауға байланысты және жобаны сала бойынша әлемдегі ең ірі және ең күрделі жобалардың қатарына қосып отыр.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту