«Еуразия» жобасы жалғасын тапты

размер шрифта: Aa | Aa
14.04.2016 17:46
IMG_1608

14-сәуірде ҚР Энергетика министрі Қанат  Бозымбаевтың төрағалық етуімен "Еуразия" жобасы бойынша Дөңгелек үстелдің  мәжілісі өтті.

Мәжіліске ҚР Президентінің Кеңесшісі В.С.Школьник, "KAZENERGY" қауымдастығы  Басқарма Төрағасының Орынбасары Ұ.С.Қарабалин, "ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы С.М.Мыңбаев, ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Б.К.Нұрабаев, шетелдік және трансұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде жобаны іске асыру барысы талқыланды. Геологиялық зерттеу бөлігінде қолда бар геологиялық-геофизикалық деректерді жинақтау және талдау бойынша жұмыстарды "ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ-ның жүргізіп жатқаны  атап өтілді.  «Еуразия» жобасын іске асыруда салықтық және кедендік артықшылықтарға байланысты заңнамалық оң бетбұрыстар байқалады.   

Дөңгелек үстелде «Еуразия» жобасына қатысу  үшін шетелдік және трансұлттық компанияларды  тарту қажеттігі атап көрсетілді. Осы мақсатта ҚР ЭМ және "ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ  мүдделі компаниялармен  жуырда бірқатар кездесулер өткізуді, сонымен қатар бұл жөніндегі ақпаратты  бұқаралық ақпараттық құралдарда жариялауды  жоспарлап отыр.

Анықтама. "Еуразия"  жобасы Каспий маңындағы ойпатта тереңде жатқан шөгінділердің геологиялық құрылымын  зерттеуді, сонымен қатар көмірсутекті шикізатты іздеуді қамтиды. Алдын ала бағалау бойынша  тереңде жатқан шөгінділерде шартты отынның 63 млрд. тонна көлемдегі қоры жатуы мүмкін. 

"Еуразия"  жобасын іске асыруды ҚР және РФ басшылары мақұлдады, Геологиялық-геофизикалық деректермен алмасу мақсатында ҚР ИДМ мен РФ Ресей жер қойнауын пайдалану жөніндегі федералдық агенттігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Премьер-министр К.Қ.Мәсімовтың төрағалық етуімен өткен ведомствоаралық комиссия мәжілісінде «Еуразия» жобасына ҚР тарабынан салықтық және кедендік артықшылықтар беруге байланысты мәселелер мақұлданды.

Social commentary Cackle
Баспаға жіберу