Биылғы жылдың 25-мамырында KAZENERGY бас директоры Болат АҚШОЛАҚОВ қатысуымен өткен Астана экономикалық форумының тақырыбы - «Дүниежүзілік экономика және табиғи ресурстар саласындағы тұрақсыздық».

размер шрифта: Aa | Aa
26.05.2016 16:19

АЭФ спикерлері энергия тасымалдағыштың бағасы қай уақытқа дейін тұрақсыз болады, арзан мұнай кімге  тиімді, дәстүрлі энергия көздерінен барлық елдер бас тарта ала ма деген сияқты мәселелерді көтерді. Басты назарға алынған мәселе  - мұнайдың төмен бағасы болды, себебі ол мұнай өндіруші елдер үшін негізгі табыс көзі болып табылады. Қатысушылардың пікірінше әсер етуші факторлар өте көп болғандықтан бір баррель мұнайдың жуық арадағы бағасын болжамдау өте қиын іс. Ол факторларға геосаясат та, сланец технологиясын дамыту да, оған қоса «жасыл экономикаға көшу» де жатады.

Дегенмен бірқатар спикерлер, оның ішінде  Александр Машкевич мұнай бағасы  аздап көтерілуі мүмкін  деп отыр. «ENRC» басқармасының Төрағасы  таяудағы 2 жыл ішінде мұнай бағасы «консерваторлық» болады, мұнай құнының қазіргі бағамен  арақатынасы шамамен 15 %  болады деп санайды. 

KAZENERGY бас директоры  Болат Ақшолақов жуырда қауымдастық ұсынған Ұлттық экономикалық баяндаманың 2-ші шығарылымының  болжамдық деректерін негізге ала отырып өз пікірін білдірді.  Мамандардың талдауы бойынша биылғы жылдың аяғына дейін бір баррель мұнай бағасы 60 долларға көтерілуі мүмкін, ал таяудағы 2 жыл ішінде мұнай бағасы шамамен 80 доллар болуы мүмкін. Ақшолақовтың айтуынша мұндай перспектива қазақстандық өндіруші секторға оң әсерін тигізбек, себебі жаңа кен орындарын барлауға және қолданыстағы кеніштерді жаңартуға  инвестиция құюға мүмкіндік берер еді, мұның өзі экономика секторы үшін аса маңызды іс.    

«China Huaneng Group» Вице-президенті Джан Тингке де нарық перспективасына оң баға беретінін  атап көрсетті.  Ол дағдарыстан кейін дүниежүзілік экономиканы қалпына келтіру баяу іске асып жатқанын, көмірсутек бағасы дәл солай баяу өсетінін   айтып өтті.

Спикерлер энергия ресурстарының құнына қоса шикізаттың талап етілуі мәселесін де бағалады.  Қытайлық әріптестер ҚХР-ның жаңармалы энергия көздеріне бірте-бірте көшу және энергетикалық ресурстарды жоғары тиімділікпен тұтыну  бағытын бетке ұстап отырғанын атап көрсетті. Қытайда  2030 жылға қарай ЖЭК үлесі шамамен 9% құрауы тиіс. Сонымен қатар мұнай және газ сланецін өндіру бойынша технологияларды кеңінен пайдалану бойынша перспективалар да назарға алынып отыр.

Осыған байланысты Мәскеу Карнеги орталығының Бағдарлама Басшысы Александр Габуев өз сөзінде Ресейдің Қытайды экономика драйверлерінің бірі ретінде қарастыратынына және сондықтан да көмірсутекті жеткізуге байланысты барлық тәуекелдер зерттелетініне назар аударды. Габуевтің айтуынша Аспан асты еліне таяу болашақта дәстүрлі энергия көздерінен бас тарту қиын болады, яғни бұл мәселенің маңызды әлеуметтік негізі бар, мысалы елдің көмір өнеркәсібі көптеген қытай отбасыларының  әл-ауқатының негізі болып табылады.

Сессияның жетекшісі,  Боаос Форумы институтының Вице-президенті Ян Ксюу  мырза қорыта келе спикерлерге мынадай сұрақ қойды: «Мұнай-газ нарығының қатысушылары өзара тиімді әріптестік жасай ала ма?» Бұл сұраққа сарапшылар әртүрлі жауап берді. Мысалы Габуев мырза шикізатты экспорттаушылар мен импортаушылар арасындағы қарым-қатынасты «қасқырлар мен қойлардың кооперативі» деп атады және нарық жағдайында мұнай-газ компанияларының келешегі олардың бәсекеге қабілеттілігіне тәуелді екенін атап көрсетті.

Пікірталасқа қатысушылардың қалғандары басқа позицияны ұстанатынын білдірді. Атап айтқанда, ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов бірлескен жобаларды дамытуға әкелетін инвестициялау ісі -  ұзақ мерзімді әріптестік қатынастардың негізі бола алады деп  мәлімдеді.

Баспасөз қызметі

+7 (7172)79 01 81;

+7 701 999 87 12

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту