«Теңізшевройл» ЖШС «Игілік» қаржысына - төртінші балабақша

размер шрифта: Aa | Aa
04.07.2016 17:12

«Теңізшевройл» ЖШС
 Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлім

Tengiz

Баспасөз мәлімдемесі
 «Игілік» қаржысына - төртінші балабақша
АТЫРАУ, Қазақстан, 4 шілде, 2016 ж. – «Теңізшеройл» ЖШС (одан әрі - ТШО) өзі құрылған уақыттан бері Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға 1,18 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы құйды. Ел игілігіне қажет бірінші кезекті нысандарды, соның ішінде балаларға арналған нысандар құрылысын таңдауда ТШО Атырау облыстық әкімдігімен қоян-қолтық жұмыс жүргізеді.

Қаланың «Вокзалмаңы» мөлтек ауданында бой көтерген балабақшаның ашылу салтанатына Атырау облысы, Атырау қаласы әкімдіктерінің, облыстың құрылыс, білім басқармаларының, жұртшылықтың өкілдері, бөбектер мен олардың ата-аналары қатысты.
«Теңізшевройл» ЖШС, өзінің «Игілік» ерікті бағдарламасы аясында осымен төртінші балабақшаны пайдалануға беріп отыр. Барлық төрт балабақша құрылысы типтік жобамен салынған. 280 орындық осы балабақшаның құрылысы 2015 жылдың қаңтар айында басталып, 2016 жылдың мамыр айында аяқталды, бұл қалалықтар үшін үлкен сый», деп Атырау облысы Н.Ноғаев өз сөзінде атап өтті. 
- «ТШО «Балалар біздің болашағымыз» деген қағиданы ұстанады, -деді «Теңізшевройл» кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы Имер Боннер. – Қазақстан Тәуелсіздігінің және Теңіздің алғашқы мұнайының 25 жылдығы атап өтілетін жылы біз Атырау қаласындағы ұлттық гимназия мен балабақша құрылысын аяқтап, пайдалануға беріп отырмыз. Балабақша құрылысын уақытымен, сапалы бітірген мердігер ұйымдарға және құрылыстың ойдағыдай жүруіне жан-жақты қолдау көрсетіп, көмектескен облыстық әкімдік пен құрылыс басқармасына шынайы алғысымды білдіреміз».
Балабақшада бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалынған: мұнда балалардың дамуына және белсенді қозғалысына жол ашатын ойын алаңдары, әр топтың жатын, ойын бөлмелері, тамақ ішетін орындары, сондай-ақ музыка, драма, дене шынықтыру залдары бар. Бәрі де заманауи жабдықтармен, сапалы жиһаздармен қамтылған.

Social commentary Cackle
Баспаға жіберу