Маңғыстау облысының полициясы «Мұнайфилдсервис» бұрғышысын өлтіріп кеткен адамды іздестіруде

размер шрифта: Aa | Aa
09.08.2011 14:15

Маңғыстау облысының полицицясы «Мұнайфилдсервис» ЖШС бұрғышысы, 28 жасар Жақсылық Тұрбаевты өлтіріп кеткен адамды іздестіруде, деп облыстық ІІД хабарлады.

«2011 жылы 3 тамызда 17 сағат шамасында Жаңаөзеннің ІІБ кезекші бөліміне «Мұнайфилдсервис» ЖШС диспечерінен телефон арқылы № 83 КРС НГДУ-1 қондырғысының маңында өлі адамның табылғаны туралы хабар келіп түсті. Кейін ол адамның «Мұнайфилдсервис» ЖШС бұрғышысы, 28 жасар Жақсылық Тұрбаев екендігі анықталды», - делінген таратылған хабарда.

Келіп түскен ақпарат бойынша, шүйдесінен зақымданған жұмысшының денесі киім алмастыратын вагон алдында табылған.

Сот медициналық сараптама қорытындысы бойынша, Ж. Тұрбаевтың өлімі бас сүйегінің зақымдануы себепті орын алған. Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 96-шы бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазірге облыстық ішкі істер департаментінің бастық орынбасары Ержан Саденов бастаған оперативтік тергеу тобы құрылды. Соның басшылығымен Жаңаөзенде оперативтік-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарда.

            Бұл ретте сейсенбі күні «Время» газеті жазғандай, Маңғыстау облысындағы ереуілдеушілердің айтуынша, «ол жігіт идея үшін зардап шекті».

            «Жақсылық ереуілдеушілерді өте белсенді қолдаған. Оны өлтірген күні олар «Мұнайфилдсервис» ЖШС-тің жаңа кәсіподақ көшбасшысын сайлауы тиіс болатын. Бұрынғы кәсіподақ комитеті компания басшыларымен ауыз жаласқандықтан ұнамайтын. Бірақ Жақсылықты басшылардың біреуі шақырып алды. Кейін бұрғылаушыны вагон маңында басы жарылған күйде тауып алыпты», - деп жазады газет.

Қаза болған бұрғышының әкесі Еламан Тұрбаев та ұлын идея үшін өлтірілген деген болжамды қолдап отыр. Оның айтуынша, алдын ала тексеру барысында «Мұнайфилдсервис» ЖШС-тің бір директоры қамауға алынған.

Алматы. 9 тамыз. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту