«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан 160 шақырымдық газ құбырларын салды

размер шрифта: Aa | Aa
09.08.2011 14:21

Оңтүстік Қазақстан облысындағы газ тарту жүйелерін жаңарту бағдарламасын жүзеге асырып келе жатқан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ағымдағы  жылға  жоспарланған 4,69 млрд. теңгенің  1 миллиардын игерді.

Газ тарату жүйелерін жаңарту барысында 159,87 шақырым жаңа газ құбырлары жүргізілді. Оның 22,65 шақырымы  жоғарғы қысымды, 47,88 шақырымы орта қысымды, 89,34 шақырымы   төменгі қысымды. Бұдан басқа 4 блокты газ реттеу пункті  және 3062 газ тарату шкаф пункттер  орнатылды.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, 2009 жылдан басталған  бұл инвестициялық  жобаның жалпы бюджеті - 29,6 млрд теңгені құрайды. 2009-2010 жылдары облыстағы жүйелерді жаңарту жұмыстарына салынған күрделі құрлыс қаражатының көлемі 3,1 млрд теңгені құрады. Онда: апаттық учаскедегі жалпы ұзындығы 49,39 шақырым жерасты газ құбыры ауыстырылды, 83 шақырым жаңа құбыр жүргізілді және 3320 газ тарату шкаф пункттері және 4 блокты газ реттеу пункті  орналастырылды. Облыстағы  газ тарату жүйелерін жаңартуды толық көлемде орындау үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ алдағы уақытта тек меншік қаражатымен ғана емес, жобаға займ қаражатын (2014 жылдан банк кредиттері) жұмсауды да ниет етіп отыр.

АЛМАТЫ. 9 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту