ҚМГ $1 млрд синдикатталған заем тартты

размер шрифта: Aa | Aa
04.08.2011 14:36

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) 1 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде синдикатталған заем тарту жөніндегі мәміленің табысты аяқтады ол туралы келісімге 2011 жылғы 15 шілдеде қол қойылған болатын, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі сәрсенбіде.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) 1 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде синдикатталған заем тарту жөніндегі мәміленің табысты аяқталғаны жөнінде хабарлайды, Мәміле  андеррайтерлері  - Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ Ltd., ING Bank N.V., Natixis және  The Royal Bank of Scotland plc. ҚМГ мен андеррайтерлер әзірлеген маркетингтік  стратегия мәмілеге барлығын қосқанда 9 банк тартуға және мәмілені табысты жабуға мүмкіндік берді, оның шарттары Қазақстанның корпоративтік займшылары арасында барлық жағынан рекордты болып табылады», - деп атап көрсетілген хабарламада.


 «Ситибанк Қазақстан» АҚ, SumitomoMitsuiBankingCorporation және  UniCreditBank Austria AG мәмілеге Мандатталған Жетекші Ұйымдастырушылар ретінде қатысты.

Синдикаттау процесі маусымда мына банктердің қатысуымен жүргізілді: Bank of  America Merrill Lynch, Siemens Bank GmbH, IntesaSanpaoloS.p.A, Mega International Commercial Bank, UBS және  Export Import Bank of the Republic of China.

Заем қамтамасыз етілмеген болып табылады, өтеу мерзімі - 5 жыл, проценттік ставкасы -  Libor + 2,1%. «Тартылған қаражат жалпы корпоративтік мақсаттарға, соның ішінде қолда бар берешекті өтеуге жұмсалады», - делінген хабарламада.  Бұл заем 2008 жылдан бері ҚМГ бірінші синдикатталған кредиті болып табылады, ол қазақстандық корпоратвитік қарыз алу нарығы үшін жаңа баға өлшемдерін белгілейді, ал бұл инвесторлардың қазақстандық компаниялармен жұмыс істеуге дайын екендігін көрсетеді және халықаралық қаржы қауымдастығының ҚМГ менеджментін жоғары бағалағанын дәлелдейді.  

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

АСТАНА, 3 там – Қазақстан жаңалықтары АА.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту