«Теңізшевройл» компаниясының мемлекетке төлеген жарты жылдағы тікелей төлемдері 7 млрд. долларды құрады

размер шрифта: Aa | Aa
10.08.2011 17:05

Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен ошақтарында мұнай өңдейтін «Теңізшевройл» компаниясының тікелей төлемдер сомасы 7 млрд. долларға жетті.

2010 жылы компания қызметінен мемлекет бюджетіне 9,6 млрд. доллар пайда түскен болатын.

Бұл туралы бірінші жартыжылдықтағы кәсіпорын қызметі қорытындыланған компанияның баспасөз хабарламасында айтылады.

Тікелей төлемдердің артуы бірінші кезекте әлемдік нарықтағы мұнай бағасының жоғары болуымен байланысты. 2010 жылдың қаңтар айы мен маусым айы аралығында ТШО 13 млн. тонна немесе 104 млн. баррель мұнай өндірген.

АТЫРАУ. 10 тамыз. ҚазАқпарат  /Андрей Соколов/

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту