«ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» АҚ «НБК» ЖШС активтерін «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының активтеріне біріктіру туралы шешім қабылдады

размер шрифта: Aa | Aa
18.08.2011 00:01
«ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» АҚ «НБК» ЖШС активтерін «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының активтеріне біріктіру туралы шешім қабылдады,  деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Мұндай шешім кеше «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған.

Алқалы жиын барысында жалғыз қатысушысы ҚМГ БӨ болып табылатын «НБК» ЖШС-ін компанияға қосу арқылы қайта құрылымдау туралы шешім қабылданды. Бұған дейін хабарланғанындай, Компания 2010 жылдың қыркүйегінде Eastern Gate Management Ltd. компаниясынан 35 млн. АҚШ долларына НБК-ны 100  пайыз сатып алу туралы мәмілені жапқан болатын.

НБК 2027 жылға дейінгі мерзімге және тараптардың келісімімен одан әрі ұзарту құқығы бар барлау мен өндіру келiсiмшартының негізінде «Новобогатинское Западное» кен орнын игеруді жүзеге асырады. «Новобогатинское Западное» кен орны «Ембімұнайгаз» ӨФ кен орындары тобы аумағымен шектеседі және оның мұнай әзірлеу, сақтау және тасымалдауға арналған ағымдағы инфрақұрылымын толық пайдалануға мүмкіндік береді. Қолайлы географиялық орналасуын ескере отырып, компания НБК активтерін «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының активтеріне біріктіру туралы шешім қабылдады.

ҚМГ БӨ мен НБК қосылуы түріндегі ерікті құрылымдау өндірістік қызметтің тиімділігін арттыруға және күрделі және операциялық шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту