2012 жылдың соңына дейін Алматыны газбен толық қамтуды аяқтаймыз - Әзизхан Елемесов

размер шрифта: Aa | Aa
19.08.2011 15:34

Алматыда жаңа  автокөліктерге газ құю стансылары салынады. Бұл  туралы Алматыда өтіп жатқан  "Көлік табиғи газбен - Қазақстан" деп аталатын  2 күндік форумда сөз болды.

"Алматы әкімдігімен жасалған меморандум бойынша, 2012 жылдың соңына қарай қаланы газдандыруды толық аяқтауымыз керек.  Биыл Бейнеу-Шымкент магистральдық газ құбыры құрылысын бастадық. Батыс Қазақстан облыстарындағы  артық газ оңтүстік өңірге жеткізіледі", - дейді "ҚазТрансГаз" АҚ-ның  инвестициялық департаменті директорының орынбасары Әзизхан Елемесов. Оның айтуынша,  Алматы республикада ең бірінші боп экологиялық ахуалды жақсартудың кешенді бағдарламасын жасады. Ілкі жоба қалада сәтті жүзеге асырылуда. Енді олар солтүстік облыстарды газдандыру жобасымен айналысуда.

АЛМАТЫ. 18 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту