«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қазақстандық үлес мәселесіне баса назар аударып отыр

размер шрифта: Aa | Aa
23.08.2011 18:27

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қазақстандық үлесті арттыру шараларын жетілдіруде. Бұл туралы    «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылдың 6 айында ұлттық компанияның сатып алу көлемі  1,28 триллион теңгені құраған. Оның ішінде 753,2 миллиард теңгенің тауарлары сатып алынып, 315 миллиард теңгенің  қызметі көрсетілген. Бұл ретте жалпы сатып алу көлеміндегі қазақстандық үлес 596,6 миллиард теңгені құрады. Сондай-ақ  2011 жылдың жартысында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі шараларына 2,7 млрд. теңге жұмсалып, бұл көрсеткіш  өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,4 есе артқан. Ұлттық компания парниктік газдардың тасталымын басқарудың Корпоративтік жүйесін дамыту, сондай-ақ халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, мұнайдың төгілуін ерте байқап оған жедел ден қою жөніндегі Ұлттық жүйе жобасының тұжырымдамасын жасау жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат  /Айдар Оспаналиев/

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту