ҚМГ мұнай және газ конденсатының өндіріс көлемі І-ші жартыжылдықта 0,5%-ға төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
23.08.2011 18:29
Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобы бойынша 2011 жылдың 1-ші жартысында мұнай және газ конденсатын өндіру 10,67  млн. тоннаны құрады, бұл 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,5% кем, делінген КМГ хабарында.

Табиғи газ өндіру 1,4 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда  2% артық.

Магистралды мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау көлемі  33,7 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен  3 пайыз артық. 2011 жылдың бірінші жартысында теңіз арқылы мұнай тасымалдау көлемі 24% артып, 4,2 млн.  тоннаны құрады.

Газ тасымалдау көлемі 54,3 млрд.текше метрді құрап, өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 3% асып түсті.

2011 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, шоғырландырылған мұнай өңдеу көлемі (The Rompetrol Group-ты қоса есептегенде) 7,4 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5% кем. 2011 жылдың бірінші жартысында еліміздің үш мұнай өңдеу заводында шоғырландырылған мұнай өңдеу көлемі  5,3 млн. тонна шамасында болды.

Аудиттелмеген алдын-ала мәліметтерге қарағанда, ҚМГ-нің  2011 жылдың бірінші жартысындағы шоғырландырылған кірісі  2010  жылғы көрсеткіштен 25% артық болып, 1,34 трлн. теңгені құрады.

Есепті кезеңдегі шоғырландырылған табыс  246,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 70% артық.

Жалпы ҚМГ бойынша, алдын-ала мәліметтерге қарағанда,  2011 жылдың қаңтар-шілде айларында үлестік әдіс бойынша шоғырландыру қағидатымен есептегенде ҚР бюджетіне 251,7 млн.теңге салық және басқа міндетті төлемдер төленді, мұның өзі өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 16% артық.

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шаралары аясында есепті мерзімде мұнай өңдеу және мұнай химия саласын дамыту жобалары бойынша және ҚМГ компаниялары тобы сатып алуында қазақстандық үлесті арттыру жұмыстары одан әрі жалғастырылды.

            Осылайша, 2011 жылдың 6 айында ҚМГ компаниялары тобының жалпы сатып алу көлемі  1,28 трлн. теңгені құрады, оның ішінде 753,2 млрд. теңгеге товар,  215,5 млрд. теңгеге  - жұмыс, 315 млрд. теңгеге – қызмет сатып алынды. Бұл ретте жалпы сатып алу көлеміндегі қазақстандық үлес 596,6 млрд. теңгені, немесе 46%, товарларда - 34%, жұмыстарда - 61%,  қызметтерді сатып алуда – 66 пайызды құрады.

            2011 жылдың бірінші жартысында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі шараларына 2,7 млрд. теңге жұмсалды, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,4 есе артық. ҚМГ парниктік газдардың тасталымын басқарудың Корпоративтік жүйесін дамыту, сондай-ақ халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, мұнайдың төгілуін ерте байқап және жедел ден қою жөніндегі Ұлттық жүйе жобасы концепциясын жасау жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі, делінген компания баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Алматы. 22 тамыз. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту