«ҚазМұнайГаз» компаниясының 1-ші жартыжылдықтағы шоғырландырылған кірісі 2010 жылғы көрсеткіштен 25 пайызға артық болды

размер шрифта: Aa | Aa
23.08.2011 18:33

«Биылғы жылдың 1-ші жартысында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының шоғырландырылған кірісі 2010  жылғы көрсеткіштен 25 пайызға         артық болып, 1,34 триллион  теңгені құрады»,- деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, ұлттық компанияның жартыжылдықта шоғырландырылған табысы  246,2 миллиард теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда           70 пайызға көп болып отыр. Жалпы «ҚазМұнайГаз» компаниясының алдын-ала мәліметтері бойынша,  2011 жылдың қаңтар-шілде айларында үлестік әдіс бойынша шоғырландыру қағидатымен есептегенде республика бюджетіне 251,7 миллиард теңге салық және басқа міндетті төлемдер төленді, мұның өзі өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 16% артық болып отыр.       

 АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат  /Айдар Оспаналиев/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту