Қазақстан өзін мұнай өнімдерімен толық қанағаттандыра алатын мемлекетке айналуы керек - М.Есенбаев

размер шрифта: Aa | Aa
23.08.2011 18:35

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевтың пікірінше, Қазақстан өзін мұнай өнімдерімен толық қанағаттандыра алатын мемлекетке айналуы керек. Бұл туралы ол бүгін Bnews.kz порталы арқылы өткен онлайн конференция барысында мәлім етті.

Оның пайымдауынша, бүгінде қалың көпшілік арасында  Қазақстан мұнайлы ел деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Ал шын мәнінде біз ешқандай да мұнайлы мемлекет емеспіз. «Біз тек жылына 80 миллион тонна мұнай өндіріп отырған елміз. Біз осы уақытта өзіміздің ішкі қажеттілігімізді жанар-жағар маймен толықтай қамтамасыз етіп отырған жоқпыз. Сондықтан бізге бүгін жанар-жағар майға қатысты қалыптасқан мәселені қалайда шешу керек. Сөйтіп  көлік иелері мен  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қажеттіліктермен қамтамасыз ету керек. Басқаша айтқанда, біз мұнай өнімдерімен өзіміздің қажетімізді өзіміз қанағаттандыра алатын мемлекетке айналуымыз керек. Ал әзірге біз елімізді мұнай өнімдерімен тек 55-60 пайызға ғана қанағаттандырып отырмыз»,-деді М.Есенбаев.

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту