Қазақстан мұнайының 110 жылдық тарихын баяндайтын тұңғыш фотоальбом басып шығарылды

размер шрифта: Aa | Aa
23.08.2011 18:40

Қазақстандық мұнайдың 110 жылдық тарихын баяндайтын «Қазақстан мұнайы: фотосуреттердегі тарих»  атты тұңғыш фотоальбом жарыққа шықты.

Фотоальбомды «Алдоңғар» мәдениетті дамыту қоғамдық қоры Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын, Доссор мұнай кен орнының ашылуының 100 жылдығын, Маңғыстаудағы мұнай өндірудің 50 жылдығын атап өту шеңберінде әзірледі. Бұл 1899 жылдан бастау алатын қазақстандық мұнайдың өзіндік тұңғыш шежіресі болып табылады.

Альбомда Қазақстан Республикасының және Ресейдің мемлекеттік мұрағат қорларынан, мұнайшылардың жеке архивтерінен табылған сирек кездесетін және тұңғыш жарияланып отырған фотоматериалдары, елдің қалыптасуының және дамуының түрлі кезеңдерінде республиканың мұнай өндіру саласының басты оқиғаларын және қарапайым мұнайшылардың күнделікті жұмыс барысын түсіріп келген кеңестік және қазақстандық фотографтар мен фотосуреткерлердің еңбектері пайдаланылды.

Альбомның алғысөзінде жобаның авторы, танымал мұнайшы Борис Чердабаев: «Мұнайгаз өнеркәсібінің басты қорлары көмірсутекті кен байлықтары ғана емес, біздің елдің экономикасының табысты дамуы, оның азаматтарының әл-ауқатының көтерілуі үшін өз күші мен қабілеттерін аянбай сарп еткен және жұмсап келе жатқан адамдар болып табылады... Бұл басылым нақ сол адамдарға, Қазақстан мұнайшыларына арналады» - деп атап өтті.

Мұнайгаз секторы жас мемлекеттің қалыптасуында ең маңызды рөлдердің біріне ие болды. Тәуелсіздіктің 20 жылы барысында ел әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында айтарлықтай табыстарға жетіп, бүкіл әлемде өз қадірін арттырып, құрметке ие болды. Бүгінгі таңда Қазақстан дәлелденген мұнай қорлары көлемі жағынан әлемнің алғашқы он елі қатарына және жер шарының жиырма ең ірі мұнай өндіруші мемлекеттері қатарына кіреді.

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту