Мұнай және газ министрі: бізде жанар-жағармай тапшылығы болмайды

размер шрифта: Aa | Aa
24.08.2011 15:03
Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың пікірінше, еліміздегі жанар-жағармай тапшылығы жуық арада жойылады.   
«Уақытша жанар-жағармай тапшылығы алдағы уақытта жойылады», - деді ол сейсенбі күні журналистерге. 
Министрдің айтуынша, жанар-жағармай тапшылығы мұнай өнімдері айналымы туралы жаңа заңды атқару тетіктерінің жетілмегендігінен болып отыр.      

С.Мыңбаев «бұл мәселенің өткен сенбі күні реттелгенін, Мұнай өңдеу зауыттарының жанар-жағармайды тиісті мөлшерде жөнелте бастағанын және рынокта жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын» тілге тиек етті.    

Министрдің сөзіне қарағанда, жанар-жағармай бағасы қыркүйек айында да өзгермейді.    

«Ештеңе өзгерген жоқ. Қыркүйек айында да сол баға сақталады. «ҚазТАГ» агенттігінің баға қымбаттайтыны туралы ақпары дұрыс емес», - деді ол.

Астана. 23-тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту