«ҚазТрансОйл», KEGOC және Air Astana «халықтық ІРО-ға» 2012 жылдың ІІ-ІІІ-ші тоқсандарында шығарылуы мүмкін

размер шрифта: Aa | Aa
24.08.2011 15:07

«ҚазТрансОйл», KEGOC және Air Astana «халықтық ІРО-ға» 2012 жылдың ІІ-ІІІ-ші тоқсандарында шығарылуы мүмкін, деп ҚР экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов сейсенбі күнгі үкімет отырсында мәлім етті.

«Бірінші эшелондағы компаниялар - –«ҚазТрансОйл», KEGOC және Air Astana, Екінші эшелонда - «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазТеңізТрансФлот» АҚ, «Самрук-Энерго» АҚ. Үшінші эшелонда – «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ. Және 2015-ші жылдан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» компанияларын «халықтық ІРО-ға» шығару жоспарлануда», - деді ол үкіметтің сейсенбі күнгі отырысында.  

«Бұл компаниялдардың арасынан іріктеу жүреді. Олардан бірінші эшелондағы компаниялар 2012 жылдың ІІ-ІІІ-ші тоқсандарында шығарылуы мүмкін. Екінші эшелондағы компаниялар 2013-ші жылы шығарылады, Үшінші эшелондағы компаниялар 2014-2015-ші жылдары шығарылады», - деді Қ. Келімбетов.

Астана. 23 тамыз. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту