«ҚазМұнайГаз» компаниялары тобы бірінші жартыжылдықта мұнай мен газ конденсатын былтырға қарағанда 05 пайызға кем өндірді

размер шрифта: Aa | Aa
25.08.2011 15:16

Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобы бойынша 2011 жылдың 1-жартысында мұнай және газ конденсатын өндіру 10,67 млн. тоннаны құрады.

Аталған көрсеткіш 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,5 пайызға кем. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

«Есепті кезеңде табиғи газ өндіру 1,4 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2 пайызға артық. Магистральды мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау көлемі 33,7 млн. тоннаға жетіп отыр. Аталған көрсеткіш өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 3 пайыз артық. Сонымен қатар, 2011 жылдың бірінші жартысында теңіз арқылы мұнай тасымалдау көлемі 24 пайызға артып, 4,2 млн. тоннаны құрады», - делінген баспасөз айғағында.

Бұдан бөлек, мәліметтерге қарағанда, жыл басынан бері газ тасымалдау көлемі 54,3 млрд.текше метрді құраған. Ал 2011 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, шоғырландырылған мұнай өңдеу көлемі (The Rompetrol Group-ты қоса есептегенде) 7,4 млн. тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5 пайызға кем. Сонымен қатар, 2011 жылдың бірінші жартысында еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытында шоғырландырылған мұнай өңдеу көлемі 5,3 млн. тонна шамасында болды.

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту