ҚМГ БӨ $43,8 млн төрт келісімшартын сатып алу бойынша мәмілені жапты

размер шрифта: Aa | Aa
25.08.2011 15:19

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Қазақстан Республикасындағы көмірсутегі шикізатын барлау жөніндегі төрт келісімшарттың аясында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-нан («ҚМГ ҰК») 100 % жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу жөніндегі мәміленің аяқталғанын хабарлайды, деп хабарлады ҚМГ БӨ.

Бұған дейін түсіндірілгендей, ҚМГ БӨ төрт келісімшартты: Темір және Теріскен учаскелерін, Қаратон-Сарықамыс блогын және Өзен және Қарамандыбас кенорындарына жақын орналасқан аумақты сатып алды.

Ақырғы сатып алу құны 43,8 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде 40 млн. АҚШ доллары 4 келісімшартты сатып алу құнын, ал 3,8 млн. АҚШ доллары ҚМГ ҰК-ның 2011 жылы мәмілені жапқанға дейін Теріскен блогы бойынша жұмыс бағдарламасын қаржыландыру шығындарына байланысты бағаның түзетілуін қамтиды.

Бұған дейін мәмілені ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі мен ҚМГ ҰК Директорлар кеңесі мақұлдаған болатын. Барлық реттеуші органдардың қажетті рұқсаттары алынды.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады.

АЛМАТЫ, 24 там – Қазақстан жаңалықтары АА.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту