Қазақстандық жанармай құю станцияларының иелері елде ЖЖМ дефициті қалыптасқанын айтып отыр

размер шрифта: Aa | Aa
25.08.2011 15:21

Мұнай өнімдерінің бөлшек саудасы саласындағы ірі және ұсақ бизнестің 20 иесі республикада ЖЖМ дефициті қалыптасқанын айтып отыр.

«Біздің ойымызша, жағдай өте күрделі, өйткені ашығын айтқанда, біз бірнеше себепке байланысты отынның жетіспеушілігін қатты сезініп отырмыз. Біріншіден, біз сұраған отын көлемі бөлінбейді», - деп мәлім етті «Гелиос» ЖШС маркетинг және сату жөніндегі директоры Денис Трандафилов сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Елімізде ЖЖМ жетіспеушілігіне себеп болған екінші жағдай ретінде ол зауыттан отын жөнелтуге қатысты проблемаларды атады. «Темір жол үлгермей жатыр, яғни жөнелтулерде қиындықтар бар. Бұл проблема бізден басқа да нарықтың басқа қатысушыларына да қатысты», - деді компанияның өкілі.

Оның ақпаратына сәйкес, ЖЖМ жетіспеушілігі көптеген қалаларда байқалып отыр. Бірқатар аймақтарда «Гелиос» бензинді ақысыз есеп айырысу арқылы сатуға мәжбүр.

«Сатылып, ұйымдарға тиесілі болған отынды біз ЖҚС-дан жай жіберіп жатырмыз. Ал басқа жеке тұлғаларға өкінішке орай, қалдық жоқ», - деді ол.

 «Гелиос» өкілінің мәліметтері елде дизель отыны жетіспейді, ал АИ-92-мен қамтамасыз етуге қатысты жағдай «бақылаудан шығуға жақын қалды». Д. ТрандафиловАИ-80отынына қатысты «жағдай қалыпты» деді.

«Біз келісілген баға бойынша сатуға дайынбыз. Бірақ отын көлемі жоқ», - деді ол.

Нарықтың басқа қатысушылары да осындай жағдайға тап болды.

«УОЙЛ» ЖҚС (Астана) директоры Қармаш Мәжитовтың айтуынша, оның компаниясы АИ-92 бензинін сұрау салған көлемнен 10 есе аз көлемде алып отыр.

«Әкімдік бөліп отырған көлем бізге жетпей жатыр, біз 1000 тоннаға өтініш берсек, мысалы, Аи-92, бізге 80-90 тонна келеді. Ал бұл жеткіліксіз», - дедіҚ. Мәжитов журналистерге.

Сондай-ақ, ол мұнай және газ министрлігі (МГМ) бензинге шекті баға белгілеу мәселесін шешуге тиіс деп ойлайды. Оның мәліметтеріне сәйкес, МГМ негізгі ресурс ұстаушылармен қол жеткізген уағдаластық орындалмай отыр, оған сәйкес, көтерме баға шекті бөлшек бағаның 87%-ынан аспауға тиіс.

«Егер нарықтағы көтерме баға 106 теңге болса, біз 106 теңгеден сатып алып, сата алмаймыз. 115 теңге көлемінде сұраймыз (АИ-92 мен АИ-93 отындарының шекті бөлшек бағасын – ҚазТАГ), АИ-80-ге 93-94 теңге, дизотынға 100 теңге көлемінде белгілеуді сұраймыз», - деді К. Мәжитов.

Бұрын хабарланғандай, үкімет тамыз айында мұнай өнімдерінің шеткі бағасын көтерді. АИ-92/93 бензиніне ең жоғары баға 106 теңге/литр, АИ-80 - 86 теңге/литр, дизель отыны 90 - теңге/литр.

МГМ Сауат Мыңбаевтың мәлімдеуінше, қырқүйекте ЖЖМ шекті бөлшек бағасы бұрынғы деңгейде қалады.

Астана. 23 тамыз. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту