«ҚМГ» компаниясының сатып алуларындағы қазақстандық үлес 46 пайызды құрап отыр

размер шрифта: Aa | Aa
25.08.2011 15:22

«ҚазМұнайГаз» компаниясының 2011 жылдың бірінші жарты жылдығындағы сатып алуларында қазақстандық үлес 46 пайызды құрап отыр.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

Келтірілген деректерге сүйенсек, 2011 жылдың 6 айында «ҚМГ» компаниялары тобының жалпы сатып алу көлемі 1,28 трлн. теңгені құрады. Бұның ішінде 753,2 млрд. теңгеге тауар, 215,5 млрд. теңгеге - жұмыс, 315 млрд. теңгеге - қызмет сатып алынған. «Бұл ретте жалпы сатып алу көлеміндегі қазақстандық үлес 596,6 млрд. теңгені, немесе 46 пайызды құрап отыр. Оның ішінде тауарлар - 34 пайыз, жұмыстар - 61 пайыз, қызметтерді көрсетуді сатып алу - 66 пайызды құрайды», - делінген баспасөз айғағында.

Бұдан бөлек, компания 2011 жылдың бірінші жартысында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі шараларына 2,7 млрд. теңге жұмсаған. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3,4 есе артық көрсеткіш. «ҚМГ» парниктік газдардың шығарындыларын басқарудың Корпоративтік жүйесін дамыту, сондай-ақ халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, мұнайдың төгілуін ерте байқап және жедел ден қою жөніндегі Ұлттық жүйе жобасы тұжырымдамасын жасау жұмыстарын одан әрі жалғастыруда», - делінген баспасөз парағында.

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту