Қазақстан және Оңтүстік Корея мұнай газ саласында ынтымақтасуға келіседі

размер шрифта: Aa | Aa
25.08.2011 15:25
Бейсенбіде "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ және  Korea National Oil Corporation (Кореялық ұлттық мұнай корпорациясы, KNNK)  мұнай газ саласында екі меморандумға қол қояды.

Бірі "Өз ара түсіністік туралы меморандум", ол "Арал" кен орнын игеру және пайдалануға қатысты, екіншісі "Каспийде бұрғылаушы қондырғыны пайдалану туралы", деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар баспасөз қызметі алдында таратқан "Қазақстанға ресми  сапары барысында Корея республикасының президенті  Ли Мен Бак және Қазақстан  президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикада құны  4 млрд доллар мұнай химия кешенін салу туралы келісімшартқа қол қояды", деген ақпаратты растаған жоқ.  

"Алдағы кездесуде ондай құжатқа қол қою жоспарланбаған", деп нақтылап өтті компанияның баспасөз қызметінен.

Алдында хабарланғандай, Корея Республикасының президенті  Ли Мен Бак 24-25  тамызда Қазақстан президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен ресми сапармен Қазақстанға келеді.

Сапар барысында екі мемлекеттің  басшыларының келіссөздері  өтпек, ынтымақтастық бойынша  екіжақты құжаттарға қол қойылмақ.

Сондай-ақ Астанада қазақстандық-оңтүстікореялық  бизнес-форум  өтеді.

Астана. 24-тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту