Сот Маңғыстау облысындағы ереуілге қатысқан 28 мұнайшы жұмыстан заңды түрде шығарылған деп таныды

размер шрифта: Aa | Aa
25.08.2011 15:27
Маңғыстау облысының Ақтау соты рұқсат етілмеген ереуілге қатысқан 28 адамның жұмысқа қайта қабылдау, мәжбүрлі түрде жұмысқа бармаған уақытта орташа жалақыны өндіріп беру, моральдық шығынды ақшалай өтеу туралы шағымын кері қайтарды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

«Сот амалы барысында сот арызданушылардың бір жұмыс күнінде (жұмыс ауысымында) маңызды себеп бойынша үш және одан да көп сағат жұмыс орнында болмауына байланысты еңбек келісімшарты заңды негізде тоқтатылғанын анықтады» - делінген соттың ақпаратында.

Сот органының хабарлауынша, жұмыскерлер қатысқан ереуіл қолданыстағы заңнамаға қайшы келген. Осы себептен 20 мамырда Түпқараған аудандық соты оны заңсыз деп таныған, ал арызданушылар жоғарыда тұрған инстанцияға шешімге қарсы арыз түсірген.

Бұрын хабарланғандай, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, «АрғымақТрансСервис» ЖШС, «Қаражамбасмұнай» АҚ жұмыскерлері өздерін жұмыстан заңсыз шығару фактісі бойынша жұмыс берушілеріне қарсы сотқа шағым түсірген.

Олар жұмыс берушілер ҚР Конституциясының 24 б. 1,2,3 б., ҚР Азаматтық Кодексінің 9, 921 б., Еңбек кодексі 5, 6, 7, 22, 23, 73, 177, 288-302. 305 баптары кепілдік беретін жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарын бұзды деп мәлімдеген, делінген Маңғыстау сотының ақпаратында.

12 және 15 тамызда сот бұл арыздар бойынша екі азаматтық істі қарап, қанағаттандырмай тастады. Сондай-ақ, сот құқықтық негіздердің жоқтығына байланысты моральдық залалды өтеу талабын да қанағаттандырған жоқ.

Алматы. 24 тамыз. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту