Қазақстанның оңтүстігінде туындауы мүмкін газ жетіспеушілігін жабу үшін «Қазақстан-Қытай» газ құбыры пайдаланылады

размер шрифта: Aa | Aa
25.08.2011 15:29

Алдағы жылыту маусымында Қазақстанның оңтүстігінде туындауы мүмкін газ жетіспеушілігін жабу үшін «Қазақстан-Қытай» магистральді құбырының ресурстары пайдаланылатын болады, деп хабарлайды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметі.

Сәрсенбі күні компанияның таратқан ақпаратына сәйкес, күз-қыс маусымында тұтынушыларды газбен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ үстіміздегі жылы «Полторацкое» (175 млн текше метр) және «Ақыртөбе» (80 млн текше метр)жер асты газ қоймаларына (ЖГҚ) өзбек газын айдауды жоспарлап отыр.Бүгінгі күні жоспарланған көлемнің 137 млн текше метр газ айдалды.

Үстіміздегі жылы Қазақстанның оңтүстігіне газ жеткізу көлемі 1,8 млрд текше метрді құрайды. Республиканың оңтүстік өңірлері «Бұқара газды ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» магистральді құбырымен өзбек газымен қамтамасыз етілетіні белгілі.

Өзбекстанның және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің газ тұтыну көлемі жыл сайын артып келеді, өйткені ресурстардың жетіспеушілігінен отын жеткізілімдерінің азайғаны байқалып отыр. Осыған байланысты еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін, ҚР оңтүстік өңірлерін тұрақты қамтамасыз ету үшін «ҚазТрансГаз» компаниялар тобы республиканың оңтүстігін батыс облыстардың газымен қамтамасыз ету мәселесі пысықталып жатыр.

«Алдағы жылыту маусымында туындауы мүмкін газ жетіспеушілігін жабу үшін «Қазақстан-Қытай» магистральді газ құбырының ресурстары пайдаланылатын болады», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, компанияның ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарына газ іркіліссіз және қажет көлемде жеткізіліп жатыр. 2011 жылы Қостанай облысының тұтыну көлемі - 950 млн текше метр, Батыс Қазақстан облысының тұтыну көлемі - 800 млн текше метр, Қызылорда облысының тұтыну көлемі - 250 млн текше метр, Ақтөбе облысыныкі -1,044 млн текше метр, Маңғыстау облысыныкі 2 млрд текше метр көлемінде жоспарланып отыр.

«ҚазТрансГаз Аймақ» - республиканың 9 облысының 7-еуін қамтамасыз ететін табиғи газ жеткізуші басты компания, елдегі табиғи газ нарығының 77% бақылайды. Компания 2002 жылы құрылды. Жалғыз акционері - «ҚазТрансГаз» АҚ.

Алматы. 24 тамыз. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту