«Азат» ЖСДП Маңғыстау облысында ереуілге шыққан мұнайшылардың проблемалары бойынша келісу комиссиясын құруды ұсынды

размер шрифта: Aa | Aa
25.08.2011 15:32
Алматы. 23 тамыз. ҚазТАГ – «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Маңғыстау облысында ереуілге шыққан мұнайшылардың проблемалары бойынша келісу комиссиясын құруды ұсынып, ел президентіне ашық хат жазды.  «Біз сізді маңызды саяси шешім қабылдауға шақырамыз. Бұл – кезек күтірмей үкімет, жұмыс берушілердің, еңбек ұжымдары мен мүдделі қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен республикалық келісу комиссиясын құру», – делінген сейсенбі күні таратылған үндеуде.

Партия лидерлерінің пікірінше, комиссияның тағы бір міндеті алдағы уақытта мұндай қақтығыстарға жол бермеу үшін аймақты жан-жақты дамыту, жұмыссыздықты азайту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу болуға тиіс.

«Біз диалог, келісу, еңбеккерлердің лайықты өмірін қамтамасыз ету ғана жеке әлеуметтік-экономикалық қақтығысты шешіп қана қоймай, сонымен қатар, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасындағы тұрақтылықты нығайтуға әсер етеді деген сенімдеміз», - делінген хатта.

Мұның алдында «Азат» ЖСДП лидерлері Маңғыстау облысында ереуілге шыққан мұнайшылардың сотталған белсенділері мен кәсіподақ басшыларына заңгерлік және моральдық қолдау көрсетуге дайын екендерін мәлімдеген.

Еске сала кетейік, Жаңаөзенде мұнайшылардың наразылық акциясы 26 мамырда басталды. Қалалық сот олардың талаптарын, ал 27 мамырда акцияның өзін заңсыз деп таныды.

 Алматы. 23 тамыз. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту