Қызылорда қаласын газдандыру жұмыстарына 875 млн. теңге қаржы бөлінді

размер шрифта: Aa | Aa
25.08.2011 15:34

Қызылорда қаласын газдан­дыру жұмыста­рына биыл респуб­ли­калық бюджеттен 875 млн. теңге бөлінді.

Соның арқасында бұрын басталған жұмыстарды одан әрі жалғастырудың мүмкіндігі туып отыр.

Жобаға енбеген қаланың жаңа тұрғын аудандарын газдандыру мақсатында «Қызылорда қаласының жаңа тұрғын аудандарын газдандыру» жобасының сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сарапта­масы алынды. 2011-2012 жыл­дары жоба бойынша құрылыс жұмыстарын «Қаз­Транс­ГазАймақ» АҚ жүргізеді. Нәтижесінде облыс орталығының тұрғын­дары 100 пайыз арзан табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 тамыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту