Үкіметтік емес ұйымдардың әйел-жетекшілері "Қаражанбасмұнай" қызметкерлері кәсіподағының заңгерін босатуды сұрайды

размер шрифта: Aa | Aa
02.09.2011 15:19

Қазақстанның  бірқатар үкіметтік емес ұйымдарының  әйел-жетекшілері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдау жіберді, олар  "Қаражанбасмұнай" қызметкерлері кәсіподағының заңгері Наталья Соколоваға қатысты жағдайды қарауды сұрайды.

"Маңғыстау облысында мұнайшылардың ереуілге шыққанына үш айдай уақыт болды, олар әлеуметтік талаптар  қойып отыр. Ереуілді бастағандардың бірі -кәсіподақ заңгері  Наталья Соколованы "әлеуметтік араздықты қоздырғандығы үшін" алты жылға соттаған. Бірақ ол тек өзінің қызмет бабындағы міндетін орындады емес пе, өйткені кәсіподақ мүшелерінің мүддесін  қорғау оның тікелей қызметтік және кәсіби міндеті", делінген жолдауда, оған 31 әйел қол қойған.    

Қол қойғандар Н.Соколоваға қатысты  әділеттік пен заңдылықтың  орнауын талап етуде және оны жылдам босатуды сұрайды.      

"Табиғатынан әйелдер әділетсіздікті қатты сезінеді, сол себепті де құқық қорғаушылардың көпшілігі әйелдер. Бірақ әділетсіздікке қарсы шыға отырып, әйелдер билік тарапынан қудалануға ұшырайды", деп атап өтілген онда.

Алдында хабарланғандай, Ақтау қалалық соты Н.Соколованы алты жылға бас бостандығынан айырған, ол жазасын  жалпы режим колониясында өтеуге тиіс.

Астана. 2-қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН      

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту