Ресейде Қазақстаннан мұнай контрабандасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

размер шрифта: Aa | Aa
02.09.2011 15:22

Лиховской көлік прокуратурасы Қазақстаннан 56 млн рубль соманың мұнай партиясының контрабандасы бойынша қылмыстық іс қозғады, делінген РФ Оңтүстік көлік прокуратурасының сайтындағы ақпаратта.

Оған сәйкес, 2011 жылдың 28 шілдесі мен 2 тамызы аралығында Гуково теміржол станциясына 85 вагонға (цистернаға) тауар-көліктік теміржол құжаттары ұсынылған. Оларға сәйкес, цистерналармен спецификалық отын мен мазут тасымалданған. Жүк Қазақстаннан Украинаға жөнелтілген.

«Кедендік тексеру барысында шекара арқылы өткізілетін жүктен сынама алынды. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, зерттеуге алынған үлгілер нарықтағы бағасы 56 млн рубльдан асатын шикі мұнай болып табылады», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Лиховской көлік прокуроры бұл факт бойынша тексеру материалдары қылмыстық қудалау мәселесін шешу үшін тергеу органдарына жолдады. Прокурорлық тексерудің материалдары бойынша РФ ҚК 188 б. 1б. (контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық істі тергеу барысын Лиховской көлік прокуратурасы бақылауға алды.

Астана. 1 қырқүйек. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту