
«Қаражанбасмұнай» мұнай өндіру деңгейінің төмендегенін хабарлайды
размер шрифта: Aa | Aa |
01.09.2011 15:25 | ||
Қазіргі уақытта «Қаражанбасмұнай» АҚ мұнай өндіру көрсеткіштерінің деңгейінің төмендеп кетуіне және оның 1980 тонна жылдық жоспардың жалпы орындалысына әсер ететініне алаңдап отыр, деп хабарланған компанияның баспасөз релизінде. Мекеме басшылары жұмыскерлердің мамыр айы мен шілде айлары аралығында үш ай бойы заңсыз жұмысқа шықпауы салдарынан өндірістік нысандардың тоқтатылғаны мен сөндірілгені осылайша кен орнының ағымдағы жағдайына тура әсер еткені салдарынан болды деп есептейді. 17 мамырдан 31 шілде аралығында болған наразылық акциясының нәтижесінде мұнай жоғалтудың жалпы жиынтығы 17 578 теңгені құрайды. Түсініктеме шараларын өткізгеннен кейін 97,5 % персонал жұмыс орындарына шықты. Мамыр айының соңындағы көрсеткіш 5105 тоннамен салыстырғанда, тамыз айында мұнай деңгейі айтарлықтай көтерілді және тәулігіне 5500 тоннаға жетті. 2011 жылдың 16 тамыз күні «МАЭК-Казатомпром» ЖШС «2010-2011ж.ж қолданылатын электроэнергия жетіспеушілігі кезінде электр энергиясын шектеу кестесіне» сәйкес Қаражанбас кен орнында электр энергиясын қолдануға шектеу жүргізілді. Нәтижесінде «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік нысандарының 70 пайызы 3 күн бойы тоқтан ажыратылды және де оны қалпына келтіру кезіндегі есеп бойынша 6850 тонна мөлшерінде мұнай өнімін жоғалтуға әкеліп соқтырды. Электр энергияны сөндіру үстіміздегі жылдың 8 айының қорытындысы бойынша мұнай өндіру жоспарының жалпы көрсеткішіне де зиянын тигізді. Мекеме 2011 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейінгі мұнай өндіру жоспарынан 6200 тоннаға артта қалып келеді. Қазіргі таңда «Қаражанбасмұнай» АҚ барлық қажетті ұйымдастыру-техникалық шараларын қабылдап, мұнай өндірудің жылдық жоспарын орындау мен мұнай өндіру деңгейін қалпына келтіру үшін инженерлік-техникалық және қосалқы қызмет персоналды іске жұмылдыру жұмыстарын жүргізуде. АСТАНА, 1 қыр – Қазақстан жаңалықтары АА.
|