ҚМГ БӨ тамыз айында KASE-де 128,8 млн теңгеге «префтер» сатып алды

размер шрифта: Aa | Aa
01.09.2011 15:26

Астана, 1 қыркүйек 2011ж. ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2011 жылдың 1 тамызы мен 31 тамыз аралығында KASE сауда жүйесінде 9 320 артықшылықты акцияны данасына 13 824,81 теңгеден сату өтінімдерін қанағаттандырды сатып алды, деп хабарлады компания.

 Осылайша, таратылған баспасөз хабарламасына сәйкес, сатып алу жиынтық сомасы 128 847 229,20 теңгені құрады. Артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруды бастағалы бері Компания 34 649 958 380,70 теңге сомаға 1 885 138 артықшылықты акция сатып алды.

 Қазіргі таңда ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларының басым көпшілігін, Компанияның бұрынғы және қазіргі қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қосқанда, шамамен 20 мың адам иеленіп отыр.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2009 жылы 11,5 млн. тоннаны (тәулігіне 232 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2009 жылдың соңындағы жағдай бойынша 234 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.

АСТАНА, 1 қыр – Қазақстан жаңалықтары АА.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту