«Теңізшевройл» ЖШС мұнай өндіруді жылына 36 млн. тоннаға ұлғайтуға әзіренуде

размер шрифта: Aa | Aa
06.09.2011 22:13

«Теңізшевройл»  ЖШС Атырау облысындағы Теңіз кенішінде үшінші кезектегі зауыт құрылысын жалғастырмақ.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ТШО бас директоры Тим Миллер хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік органдарына, барлық акционерлерге үшінші кезектегі зауытты эскиздік жобалауға көшуге рұқсат беру жөнінде сауал жіберілген.

«Теңіздегі жаңа зауытты салу 2012 жылы басталуы тиіс. Рұқсат алған бойда біз  Теңіз кенішін игерудің жаңа фазасы үшін жұмысқа қосымша қызметкерлер қабылдауға кірісеміз», - деді Т.Миллер.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Теңізде үшінші кезектегі зауыт салынғаннан кейін мұнай өндіру жылына қазіргі 25 млн. тоннадан 36 млн. тоннаға дейін жеткізіледі.  

АТЫРАУ. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту