Мұнай компаниялары Атырау мен Ақтаудың ардагерлеріне Астанаға сапар шегуге көмектесті

размер шрифта: Aa | Aa
06.09.2011 22:15
Атырау мен Маңғыстау облыстарының еңбек ардагерлері Астанада болып, елорданың көрнекті орындарымен танысты.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында бұл сапарды 20 ардагерге Каспий теңізінің қайраңында Қашаған кенішін игеріп жатқан «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» және Аджип ККО компаниялары ұйымдастырды.

НКОК-тың мүдделі тараптармен байланыс жөніндегі бас менеджері Филипп Шерлез ардагерлерді құттықтай отырып, «бұл сапардың Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында айрықша мәні бар», - деп атап өтті.

«Біз «Аджип ККО» компаниясымен бірлесе отырып, біздің демеушілік көмек бағдарламамыздың ауқымында бұл сапарды ұйымдастыруға қолдау көрсткенімізге қуаныштымыз. Біздің консорциум өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға жауапкершілікпен қарайды. Біз өзіміз жұмыс жасайтын аймақта жергілікті халыққа қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бар күш-жүгерімізді салатын боламыз», - деді Ф.Шерлез.  

АТЫРАУ. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту