Жамбыл облысында табиғи газ қымбаттады

размер шрифта: Aa | Aa
06.09.2011 22:16
Жамбыл облысында табиғи газ қымбаттады, деп хабарлады облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы.  

Басқарма бастығы Жеңіс Тұяқовтың айтуынша, тұрғындар үшін газ құны 28,4 пайызға өсіп, қосымша құн салығын қосып есептегенде, текшеметрі 12,2 теңгені құрады. Көгілдір отынның бұрынғы бағасы текшеметріне 9,5 теңге болатын.

Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтеріне қарағанда, газға бағаның көтерілуі Амангелді кенішінде газдың жетіспеушілігі, сондай-ақ магистралдық құбырмен газ тасымалдау тарифтерінің өсуі себеп болды.

Аймақтың жылдық қажеттілігі 410 млн. текшеметр болса, Амангелді кенішінен биыл 320 млн.текшеметр газ өндіріледі деп болжамдалуда.

«Біз жетіспейтін 90 млн. текшеметр газды Өзекстаннан сатып алуға мәжбүрміз, ал өзбек газының бағасы Амангелді газының құнын екі есе көп», - деп түсіндірді Ж.Тұяқов.

Сондай-ақ газды магистралдық газ құбырымен тасымалдау тарифі де тұрғындар үшін мың текшеметріне 171 теңгеден 222 теңгеге, ал заңды тұлғалар үшін 420 теңгеден 898 теңгеге өсті, деп түсіндірді жағдайды ведомстводан.

ТАРАЗ. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту