Маңғыстау облысындағы мұнайшыларға қатысты жағдайға тәуелсіз сарапшылар баға береді

размер шрифта: Aa | Aa
07.09.2011 16:11

Маңғыстау облысындағы мұнайшы-жұмыскерлер мен олардың жұмыс берушілерінің арасындағы қақтығысты жағдайға тәуелсіз сарапшылар баға береді, деп мәлім етті «Аман-саулық» қоғамдық қорының (ҚҚ) президенті Бақыт Түменова.

Оның айтуынша, мұнайшылар ҮЕҰ өкілдеріне еңбек даулары бойынша құжаттарды табыс етіп, қалыптасқан жағдайға баға беретін сарапшылар табуды өтінген.

«Олар бізге құжаттардың бәрін әкеп берді. Біз оларды заңгерлерге, экономистерге, еңбек саласының мамандарына бердік, олар өз бағаларын береді. Сарапшылар қорытынды шығарған соң келісу комиссиясын құру қажеттілігі мәселесі көтеріледі», – деді Б. Түменова сейсенбі күні Алматыда баспасөз мәслихатында.

Оның атап көрсетуінше, ереуілге шыққан жұмыскерлердің ҮЕҰ-ларға жүгінуінің бірнеше себебі бар.

«Негізінен жұмыс класының өкілдері болып табылатын ереуілге шыққан мұнайшылар үшін жағдайдың анық-қанығын анықтап алу қиын. Олар (билік - ҚазТАГ)НатальяСоколова мен Ақжанат Әминовты соттап, мұнайшылар қозғалысын жетекшісінен айырғандай. Бұл тұрғыда билік өте тиімді қадам жасады», – деп атап көрсетті қоғамдық қордың президенті.

Б. Түменова қақтығысқа себеп болған жағдайлардың бірі ретінде үкіметтің мұнайшыларға жалақы, үстемеақы төлеу туралы жетілдірілмеген қаулысын атады.

«Ол (қаулы – ҚазТАГ) «шикі» болды, оны қалағанынша түсінуге болатын», – дейді қор президенті.

Б.Түменованың пікірінше, билік ереуілге шыққан жұмыскерлердің өкілдерімен келіссөзге келісуге тиіс.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың мамыр айында Маңғыстау облысында мұнайшылар жалақыны көтеруді талап етіп, жаппай наразылық акцияларына шықты.

Бұрын хабарланғандай, 8 тамызда «Қаражамбасмұнай» компаниясының ереуілге шыққан мұнайшылардың тәуелсіз кәсіподағының заңгері Н.Соколова әлеуметтік алауыздық тудырды және заңсыз жиналыстар мен митингтер өткізді деген айып бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы. 6 қырқүйек. ҚазТАГ – Давид Ян.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту