«Халық майданының» өкілдері Маңғыстау облысында өздерінің қызметіне кедергі келтірген адамдарды жауапкершілікке тартуды көздеп отыр

размер шрифта: Aa | Aa
07.09.2011 16:13

Маңғыстайу облысында ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдап отырған «Халық майданының өкілдері өздерінің аймақтағы қоғамдық қызметіне кедергі келтірген адамдарды жауапкершілікке тартуды көздеп отыр, деп мәлім етті «Аман-саулық» қоғамдық қорының (ҚҚ) президенті Бақыт Түменова.

«Біз осы аптада ІІМ-не арыз жаздық... Бізді «жылы» қарсы алған жігіттерді жақсы түсіріп алдық. Бұл жігіттердің кім екенін, бұл арандатуды кім ұйымдастырғанын анықтау қажет», - деді Б. Түменова сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Ол өткен жұма күні өзі «Халық майданының» белсенділері Серік Сапарғалимен және Жанболат Мамаймен бірге ереуілге шыққан мұнайшыларға көмек пен қолдау көрсету үшін Маңғыстау облысына барғанын, Ақтау әуежайында оларды агрессивті жас жігіттер тобы қоршап алғанын еске салды.

«Бұл кешкі сағат 9 болатын. Бізді «Халық майданы» штабының бастығы күтіп алды. Бірақ машинаға бет алғанымыз сол еді, бізді өте жас, өте ызақор жас жігіттер қоршай бастап, «Мына жерден кетіңдер!» деп айқайлай бастады», - деп нақтылады ҮЕҰ өкілі.

Ол бұл адамдардың әрекеттеріне құқық қорғау органдарынан ешкім де араласпағанына назар аударды.

Б. Түменованың бұл оқиғаның ұйымдастырылған арандату болғанына еш күмәнданбайды, бұған бірнеше себеп бар.

«Кешкі-түнгі уақытта қоғамдық көлік жүрмейді. Бір жаққа көлікпен жету үшін Т2,5 мың керек. (12-15 адамнан тұратын топты тасымалдау үшін) кем дегенде 3-4 көлік керек. Ал ол жігіттер артық ақшасы бар адамдарға мүлдем ұқсаған жоқ... Оларға бізді біреу нұсқаған, өйткені біз соншалықты танымал адамдар емеспіз ғой», – деді Б.Түменова.

Бұдан басқа, «Аман-саулық» қорының президенті майдан белсенділерінің қызметіне жергілікті билік те кедергі жасамақ болған, олар құқық қорғау органдары арқылы олардың ізіне түсіп, Жаңаөзен қаласына барар жолда негізсіз тексеру ұйымдастырған.

Б. Түменованың айтуынша, полковник Сейітхан Бекбердиев бастаған полицейлер «жақында Қарағандыда ваххаббиттер бір офицерді өлтіріп кетті, мұны халық арасында ешкім білмейді» деп, қаладағы жағдайдың тұрақсыздығына сілтеме жасап, блок-бекетте олардан қайда тіркелгендерін көрсетуді талап еткен.

Сонымен қатар, ҮЕҰ өкілі «Халық майданының» өкілдері ол сапардың мақсаттарының бәріне қол жеткізгенін жеткізді.

Алматы. 6 қырқүйек. ҚазТАГ – Давид Ян.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту