«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры жанынан мемлекеттік сатып алулар жөніндегі кеңес құрылатын болды

размер шрифта: Aa | Aa
08.09.2011 16:19
 «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жанынан мемлекеттік сатып алулар жөніндегі кеңес құрылады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте аталмыш қор төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті.

«Осы уақытта менің төрағалығыммен ұлттық компанияларға арналған тауар мен өнім өндіретін ұжымдардың басшылары және танымал бизнесмендер шақырылды. «Атамекен Одағы» ұлттық экономикалық палатасы өкілдерінің ұсынысымен қоғамдық кеңестің құрамына 14 адам енгізілгелі отыр. Қоғамдық кеңес аясында біз мемлекеттік  сатып алу шараларын жетілдіріп, олардың барынша, ашық, жариялы болуын қамтамасыз етуге күш саламыз. Бір жағынан біздің кәсіпорындар мен кәсіпкерлер ұлттық компаниялардың қажеттіліктерін жетік білетін болады. Біз осы уақытта бесжылдық жоспарға көштік. Сондықтан біз мемлекеттік сатып алуларға қатысты жоспарларымызбен таныстыра аламыз. Меніңше, бұл кәсіпкерлер үшін тиімді әрі пайдалы ақпарат болады»,-деді қор төрағасы.

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту