Елімізде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай жастар арасында «Инновациялық Қазақстан» идеялары республикалық конкурсы басталды

размер шрифта: Aa | Aa
08.09.2011 16:21
Бүгін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Тимур Құлыбаев ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жастар арасында «Инновациялық Қазақстан» идеялары республикалық конкурсының басталғанын мәлімдеді.

Т.Құлыбаевтың айтуынша, конкурс  «Сенің идеяң! Сенің мүмкіндігің! Сенің болашағың!» ұранымен өткізіледі. Байқауға 15 пен 30 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер, жас маман кәсіпкер жастар қатыса алады. Байқауға қатысуға өтініштер биылғы жылдың

7-ші қыркүйегінен бастап, 1-ші желтоқсанға дейін жалғасады. Конурстың әділқазылар алқасының құрамына мемлекеттік органдардың, ірі оқу орындарының өкілдері,  жетекші ұлттық компаниялардың басшылары, ғалымдар тәуелсіз сарапшылар кіреді. 

«Мен осы конкурс жаңа есімдер шығарып, экономика мен қоғамдық өмірдегі жаңа бірегей идеялар мен өзекті проблемалардың стандартты емес шешімдеріне жол ашатындығына сенімдімін. Егер біз бүгін инновациялық жастарға қолдау көрсетсек, онда ертең күшті Қазақстанды көрсететінімізге күмәнім жоқ»,-деп атап көрсетті. Т.Құлыбаев.

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту