Тимур Құлыбаев маңғыстаулық мұнайшыларға көмектесуге уәде берді

размер шрифта: Aa | Aa
08.09.2011 16:22

 «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Тимур Құлыбаев  Маңғыстау облысында заңсыз түрде өткен наразылық акциясына қатысқаны үшін жұмыстан босатылған мұнайшыларға көмектесетін болды.

 Бұл туралы ол бүгін Астанада журналистермен болған баспасөз мәслихатында айтты.

 «Баршаңызға мәлім, бұл ретте бізде біршама проблемалар бар және ол еңбек нарығындағы қайшылықтармен байланысты. Бұл қайшылықтардың нәтижесі жұмыс берушінің, яғни «ҚазМұнайГаздың» кен барлау ұжымының пайдасына шешіліп отыр»,-деді Т.Құлыбаев.

 Оның сөзінше, осы қайшылықтар барысында ондаған адамдар жұмыссыз қалды. Қазір олар жұмыс тауып беруді талап етіп отыр.

«Біз қазір осы мәселемен айналысудамыз. Алайда біз жұмысшыларды бұрынғы босаған орындарына қайта жібере алмаймыз. Өйткені олар еңбек заңдылықтарын бұзды. Дегенмен оларға қолғабыс етеміз. Бізде «ӨзенМұнайГазға» қызмет көрсететін көптеген мердігер ұжымдар бар.  Біз қазір осы ұжымдардан жұмыстан босап қалған мұнайшыларды жұмыспен қамтамасыз етуді сұрап отырмыз. Бұл мәселемен біз де, әкімдік те айналысуда»,-деді Т.Құлыбаев.

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту