Атырауда 8 елдің геологтары өз саласының проблемаларын талқылауда

размер шрифта: Aa | Aa
08.09.2011 16:25
Атырауда «Атырау ГЕО-2011» халықаралық геологиялық конференциясы жұмысын бастады.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, АҚШ, Әзірбайжан, Украина, Венгрия, Қытай және Индонезия елдерінен геологтар қатысуда.

Конференция үш секцияға бөлініп жұмыс істеуде. Алғашқысы тұзды түзілістер геологиясы мәселелерін, екіншісі - жердің тұзды қабатының бетіндегі барлау жұмыстарын, үшіншісі  - геологиялық барлау жұмыстарындағы инновациялық технологиялар жайын талқылауда.

Шараны «Қазақстанның мұнайшылары мен геологтары қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

АТЫРАУ. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту