Құмкөлдің қор әлеуеті 160 млн. тонна мұнай және 19 млрд. текше метр газ көлемінде бағаланды

размер шрифта: Aa | Aa
13.09.2011 15:54

Ағымдағы жылдың 9-11 қыркүйегінде Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Құмкөл кен орнының 25 жылдығына арналған ресми шаралар болып өтті.

«ҚазмұнайГаз» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерейтойлық шаралар аясында консультативтік-диагностикалық емханасы бар Қызылорда облыстық балалар ауруханасында «ПетроҚазақстан» АҚ демеушілігімен алынған құны 150 000 АҚШ доллары тұратын медициналық жабдықтардың тұсаукесер рәсімі жасалды. 

Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Күләш Рысмұхамедова «ПетроҚазақстан» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ының басшыларына медициналық жабдықтар сатып алып бергені үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ мерекелік шаралар аясында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы футбол федерациясының ардагерлері мен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ құрама командалары арасында жолдастық кездесу өтіп, суретшілердің республикалық көрмесі ашылды.

Салтанатты жиналыста «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылдин «ПетроҚазақстан» АҚ қызметкерлерін Құмкөл кен орнының 25 жылдығымен құттықтады.

- Құмкөл кен орнын дамытудың жаңа кезеңі акционерлері Қытайдың CNPC және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниялары болып табылатын «ПетроҚазақстанмен» тығыз байланысты. Компания алдында жаңа іргелі міндеттер тұр. Олар - Құмкөл кен орнында мұнай өндіруді ұлғайтудан бастап, жаңа экспорттық бағыттарды жүзеге асыру. Біздің бірлесе қол жеткізген тәжірибеміз кен орнының, жалпы Қызылорда облысының  одан әрі дамуына үлес қосады деген сенімдемін, - деп атап көрсетті Қайыргелді Қабылдин.

 «ПетроҚазақстан» АҚ-ның үздік қызметкерлері және ардагерлеріне құрмет грамоталары мен естелік белгілер тапсырылды, сонымен қатар Құмкөл кен орнының 25 жылдығы құрметіне - «Құмкөл мұнай кен орнына 25 жыл» мерейтойлық ескерткіш белгілері тапсырылды.

Алғашқы барлаушылар Торғай ойпатына отызыншы жылдардың соңында келе бастады. 1982 жылы «Оңтүстікқазгеология», «Қазгеофизика» өндірістік геофизикалық бірлестігі  мен  Қазақ ҚСРО Ғылым Академиясының геология институты Оңтүстік Торғай иілімінде кешенді геологиялық барлау бағдарламасын жасады. 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан мұнай барлау экспедициясы Құмкөлде алғашқы терең бұрғылау жұмыстарын бастады. 1984 жылдың қысында Құмкөлде Я.Камалутдиновтың бригадасы бірінші мұнай бұрқағын алды.

Құмкөлден кейін 1984 жылы Қызылқия, Майбұлақ, Арысқұм, Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай, тағы басқа кен орындары бірінен соң бірі ашыла бастады.  Құмкөл кен орны тобы қорының әлеуеті 160 миллион тонна мұнай, 19 миллиард текше метр газ болып бағаланды. 1986 жылдан бастап Құмкөлді өнеркәсіптік игеру басталды. Осы жылдар ішінде кен орнынан өндірілген мұнайдың жинақталған көлемі  28 миллион тоннадан асты.

     «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық  ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

КМГ лого АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту