«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды

размер шрифта: Aa | Aa
13.09.2011 15:55
Өткен аптада  «Алматы» СПА шипажайында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ  қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды аталған мекеменің баспасөз орталығы.

 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Орталық аппараты мен өңірлердегі өндірістік филиалдарының қызметкерлерінен жасақталған командалар айтулы спорттық мереке шеңберінде өзара күш сынасып, төзімділіктері мен шеберліктерін байқасты. 

Бағдарламаға сәйкес, алғашқы күні шағын футбол, волейбол және шахмат ойындары бойынша бәсеке ұйымдастырылды. Ал екінші күні қатысушылар суда жүзу (ерлер - 100 м қашықтыққа, әйелдер - 50 м қашықтыққа), жеңіл атлетика - «Президенттік мильге» жүгіру (ерлер - 1,5 шақырымға, әйелдер - 750 м) және теннистен бақ сынасты.

Спорттық ойындардың 6 түрі бойынша үздіктер анықталатын жарыс жолына 116 қатысушы шықты. Турнирге компанияның Орталық аппараты, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалдарының өкілдері де қатысты.

«Спартакиаданың негізгі мақсаты - қызметкерлер арасында спортқа деген қызығушылықты арттыруды, дене шынықтыруды денсаулықты жақсарту мен белсенді демалыстың бір құралы  ретінде насихаттауды және спорт шеберліктерін шыңдауды көздеп отыр»,- дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Қайрат Шәріпбаев. Салауатты өмір салтының жарқын көрінісі ретіндегі спорт мерекесіне компанияның кез келген қызметкері - ойыншы немесе жанкүйер ретінде қатысуына мүмкіндік жасалды. Сөйтіп 4 мыңнан астам жұмыскердің бірлігі мен мен ынтымағын арттыруға септігін тигізетін алаңға айналды.

Командалық спорт ойындарының жеңімпаздары спартакиаданың арнайы Кубогімен ал үздік деп танылған жеке жеңімпаздар құнды сый-сияпатпен марапатталды. Бұдан өзге ең белсенді жанкүйер ретінде көзге түскен қатысушыға арнайы жүлде тағайындалды.

АЛМАТЫ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту