Қызылордада Құмкөл кенішінің 25 жылдығына арналған ресми шаралар өтті

размер шрифта: Aa | Aa
13.09.2011 15:56
9-11 қыркүйекте Қызылордада Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Құмкөл кенішінің 25 жылдығына арналған ресми шаралар өтті.

Оның барысында «ПетроҚазақстан» акционерлік қоғамының Қызылорда облысының балалар ауруханасына арнайы алып берген құны 150 мың АҚШ долларын құрайтын  медициналық құрылғының таныстырылымы болды. Дәрігерлер шара барысында оған қатысушыларды «Панда» ашық реанимациялық кешенінің, «Гемофеникс» мембраналық плазмаферез аппаратының,   

Қандағы газдардың құрамын талдауға арналған «Ортикка» кешенінің, сондай-ақ «Биоптрон» биоптронды жарық терапиясы жүйесінің және өзге де бірқатар медициналық құралдардың жұмысымен таныстырды. 

 Қызылорда облыстық балалар ауруханасының Бас дәрігері Күләш Рысмұхамедова «ПетроҚазақстан» және «ҚазМұнайГаз» компаниясының өкілдеріне зор алғысын білдірді. Осы мерекелік шаралардың барысында сонымен қатар Қазақстанның футбол федерациясы құрамасының ардагерлерінің және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамы құрамасының арасында футболдан жолдастық кездесулер өтіп, суретшілердің республикалық көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлтттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин «ПетроҚазақстан» акционерлік қоғамының өкілдерін «Құмкөл» кен орнының 25 жылдығымен құттықтады.

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту