Алматыда бірнеше атаулы күндерге арналған «Каспий: мұнай және мәдениет» фотокітабы жарыққа шықты

размер шрифта: Aa | Aa
13.09.2011 15:57
Алматыда   «ҚазАқпарат» ҰК бастамасымен бірнеше атаулы күндерге - ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына, Доссор мұнайының 100 жылдығына және Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы мен Құмкөл мұнай кенішінің 25 жылдығына арналған «Каспий: мұнай және мәдениет» фотокітабы жарыққа шықты.

Кітап осыдан 7 жыл бұрын, Қазақстанның Маңғыстау, Атырау облыстары және Ресейдің Астрахань облысымен өткен алғашқы ғылыми-публицистикалық экспедицияның ізімен жазылған. Экспедицияға қатысушылар қатарында еліміздің танымал тұлғалары - мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезов, жазушы Сәтімжан Санбаев, ақын Бақытжан Канапьянов, режиссер Амангелді Тажібаев, тарихшы Марат Сембин және тағы да басқа тұлғалар болған.

Басылымда Доссардан бастап Құмкөлге дейінгі Қазақстандағы мұнай саласының барлық даму кезеңдері көрсетілген. Кітапқа көптеген әсерлі фотосуреттермен қатар, экспедиция кезінде түсірілген фотосуреттер, журналисттік күнделіктер, жолжазбалар мен экспедицияға қатысушылардың философиялық эсселері, Қазақстанның мұнай саласындағы ардагерлерінің естеліктері енген.

"Бұл кітаптың басты мақсаты - Батыс Қазақстан мен оған іргелес аумақтардың қызықты тарихы мен құнды мәдениетін, көрікті табиғатын, аса қуатты өнеркәсіптік -индустриалдық әлеуетін жан-жақты етіп көрсету, қоғамда болып жатқан барлық үрдістердің негізгі өлшемі - Адам екенін ашу",-дейді кітаптың авторы белгілі журналист Ғаділбек Шалахметов.

Кітап ғылыми-танымдық сипатқа ие. Фотоальбом Н.Марабаев атындағы "Мұнайшы" қоғамдық қорының және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қолдауымен дайындалған. Басылым 1000 тиражбен жарыққа шықты.

АЛМАТЫ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту