Павлодарлық ИнЕУ мен түмендік ММГУ түлектері мұнай-газ мамандарының қос дипломын алды

размер шрифта: Aa | Aa
13.09.2011 15:58
Павлодарлық Инновациялық Еуразия университеті мен Түмен мемлекеттік мұнай-газ университетін бір мезгілде бітірген түлектерге дипломдар тапсырылды, деп хабарлады ИнЕУ баспасөз қызметінен.

Студенттерге қос диплом бағдарламасы бойынша мамандар даярлау шарты қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындары арасында бұдан төрт жыл бұрын жасалған болатын.

"Павлодарлық студенттер Түменде Павлодарда жоқ мамандықтар бойынша пәндерден емтихан тапсырды", - деді әлеуметтану ғылымдарының докторы, ТММГУ профессоры Анаолий Силин. - ИнЕУ-де оқыту деңгейі жоғары, қуатты материалдық базасы, тамаша кітапхана бар».

Жас мамандардың алдынан үлкен мүмкіндіктер ашылады - қос дипломмен кез келген елде жұмыс жасай алады. Түмен мемлекеттік мұнай-газ университеті Азиядағы ірі жоғары оқу орны, онда даярланатын мұнай-газ саласының мамандарына Қазақстанда да сұраныс көп. 

ПАВЛОДАР. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту