«Батыс Сағыз» жаңа кенішіндегі мұнай қоры 66 млн. баррель көлемінде бағаланып отыр

размер шрифта: Aa | Aa
14.09.2011 17:16

 Max Petroleum Plc компаниясы заманауи геофизикалық түсірілімге және басқа да техникалық көрсеткіштерге негіздей отырып, жаңа «Батыс Сағыз» кенішіндегі мұнай қоры 66 миллион баррель көлемінде және күтілетін өнім коэффициенті  20-дан 30 пайызға дейін болады деп бағалап отыр.

Қазақстанның Атырау облысында жаңа Sagiz West кенішінің ашылуы жөнінде мұнай мен газды барлау мен өндіруге маманданған британдық Max Petroleum Plc компаниясы дүйсенбі күні хабарлады.

Sagiz West перспективалық құрылымындағы барлау ұңғысы 1406 метр тереңдікке жетті.

Компания ақпаратына сәйкес резервуардың сапасы өте жақсы, кеуектілігі 18-25 пайызды құрайды. Келесі жылы тағы да екі рет бағалау ұңғысын бұрғылау жүргізілмек.

"Бұл компания мен біздің акционерлер үшін тамаша нәтиже. 2011 жылғы наурыздан бастап сегіз табысты ұңғы бұрғыланды", - деді компанияның президенті және қаржылық директоры Майкл Янг

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту